• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:38:13
Алматы
+12°

Алматыда өткен ғұламалар кеңесінің XXVII кезектен тыс отырысына қатысқан "Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков діни сеніміне қатысты пікір білдірді.

– Құдайдың алдында арым таза болу үшін, сіздерге де керек болып жатса құжат болуы үшін мен өзімнің діни ұстаным, таным-түсінігіме байланысты мәселені ашық айтқым келеді. Кезінде біздің Сауд Арабиядан, Пәкістаннан оқып келгендерге құштарлығымыз артты, тыңдап, қасында жүрдік. Тіпті біздің ағаларымыздың қолдауымен барып көрейік деп Сауд Арабияда 6-8 ай болдым. 6-8 ай болған кезде Құдай куә, менің махаббатым ашылып, біреуді шейхім ұстазым деген адам емеспін. Барған кезде мені өзінің тобына тартып жатқандарын да сезбедім. Мені бір топ мына жаққа, екінші топ өздерінің тобына тартып, күндіз-түні менімен жұмыс жасаған екен. Ал мен оны сезбеген күйі елге келіппін. 

Біз кейін кемелдене келіп, діни басқармаға келген ғұламалардың уағызын тыңдадым. Кейін олардың діни ұстанымына күмән келіп алыстай бастадым. Тек ол адамдармен көрген жерде сәлемім түзу болды. Жасыратыным жоқ ұстаздарыммен сөйлесіп "Матуриди кім?" "Не болды? Шынымен адасып кеттім бе? Шынымен тозаққа бара жатырмыз ба?" деп сұрадым. Соңғы 8 жылда осы мәселені зерттеумен айналысып, соңғы нүктесін Наурызбай Хазірет қойып, кейбір мәселелерге деген менің күмәнімді кетірді. Былай айтқанда Матуриди атамызға тек дұға қылып қана қоймай, менің, ата-бабаларымның, Абайдың ақидасы екеніне табан тіредік. 

Құдайдан жасырмағанды адамнан жасырмайсың. Қазіргі уақытта Дарын Мубаровпен қарым-қатынасымыз жоқ. Көргенде сәлемім түзу болғаны болмаса, жабысып уағыз тыңдап арқасынан қағып отырғанымыз жоқ. Қазір мен "Матуриди" ақидасында екенімді айтудан қысылмаймын, – деп атап өтті Мұхамеджан Тазабеков. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір