24 Қазан, 2020 Барлық аймақтар
Фото: otyrar.kz
24 қазанда Шымкент қаласының темір жол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып аударылған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Ресми өкіл сөзінше, вагондар бос, құрамында 21 вагон болған.
Оқиға өзге пойыздардың қозғалысына да әсер еткен. Қолда бар дерекке сай, 5 жолаушы және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.
"Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, «ҚТЖ» АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан 3 бірлік қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.
Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техникасы, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін бір жолды қалпына келтіру жоспарлануда" деп хабарлады Талғат Уәли.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір