• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:25:13
Алматы
+12°

Қазақстан журналистер одағының төрағасы, ұлттық баспасөз клубының және ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігінің негізін қалаушы, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші баспасөз хатшысы Сейітқазы Матаев Asiais.ru басылымына кең көлемді сұқбат берді. Матаев сұқбатта саяси жүйенің журналистикаға әсері туралы айтты.

Журналистің "Қазақстан баспасөзінің екінші алтын ғасыры келуі үшін не қажет?" деген сұрағына Матаев ол үшін саяси жүйе ауысуы керектігін жеткізді.

– Саяси жүйе сақталды. Баспасөз сияқты азаматтық институт қайта жанданады деп үміттенбеймін. Қазір ақпарат әлеуметтік желілер арқылы таралады, көбінесе бұл жалған жаңалықтар, қауесеттер. Бұған қарсы жалғыз рецепт – сапалы журналистика. Алтын ғасыр келу үшін бірінші президент саясаттан кетуі керек. Сол кезде өзгеріс болады. Қазір көбі билік транзиті туралы айтып жүр, бірақ ол болған жоқ. Мен ешкімді радикалды шараларға шақырмаймын, реформаларды өркениетті түрде жасауға болады, – деп жауап берді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір