• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:14:52
Алматы
+12°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысы барысында жоғары оқу орындары оқытушылары жалақысының көтерілуі мемлекет басшысының тапсырмасының негізінде іске асқанын айтты.

– Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеру мәселесін мұның алдында қарастырған болатынбыз. Жалақының өсуі өте маңызды. Жалақының өсуі ректорлардың, министрлердің немесе министрліктің жұмыс нәтижесі емес, біз соны дұрыстап түсіндіруіміз керек. Бұл мемлекет басшысының берген тапсырмасының арқасында жүзеге асып отыр. Біз көбінесе осы ақпаратты дұрыс жеткізбейміз. Сондықтан дұрыс ақпарат беру өте маңызды. Көбінесе осы ақпарат біздің әріптестерімізге жетпейді. Тағы да қайталап айтамын, жалақының өсуі бұл – президенттің тапсырмасы. Ол ректордың немесе министрліктің арқасында болған шаруа емес. Осыны дұрыс қабылдап, дұрыс жеткізу керек, – деді Асхат Аймағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір