• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:10:31
Алматы
+12°

Норвегия билігі тамыз айында елдің парламентінің электрондық пошта жүйесіне кибершабуыл жасағаны үшін Ресейді айыптады.

Норвегияның сыртқы істер министрі Ине Эриксен Сорейде мұны мемлекеттің "ең маңызды демократиялық институтына" қатысты ауыр оқиға деп атады.

"Үкіметке қол жетімді ақпаратқа сүйене отырып, бұл әрекеттің артында Ресей тұр деп бағалаймыз" деді ол ешқандай дәлел келтірмей.

Мәскеу бұл мәлімдемені қабылдамай, оны "қасақана арандатушылық" деп атады.

Серейде мәлімдемесінде Норвегияның қауіпсіздік және барлау қызметтері "бұл мәселемен ұлттық деңгейде күресу үшін тығыз ынтымақтастықта" екенін айтты.

Бұған жауап ретінде Ресейдің Ослодағы елшілігі ешқандай дәлелдер келтірілмегенін айтып, "қолайсыз" хабарландыруға келіспеушілігін білдірген.

Қыркүйек айында Норвегия билігі бірнеше шенеунікке тиесілі электрондық пошта жазбалары кибершабуыл кезінде бұзылғанын және кейбір ақпарат жүктелгенін мәлімдеді. Бірақ бұзу нәтижесінде келтірілген зиянның толық мөлшері жария етілмеген.

Норвегияның бұл айыптауы Ресеймен қарым-қатынастары шиеленісіп тұрған кезде пайда болды. Екі ел де Арктикамен шектеседі, ал Норвегия НАТО-ның мүшесі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір