08 Қазан, 2020 Әлеумет
Фото: ашық дереккөз
Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн-брифинг барысында мектептер бұрынғы қалпында жұмыс істеуі мүмкін екенін мәлімдеді.
– Ауру деңгейі төмендеп, жағдай тұрақталатын болса, білім берудің дәстүрлі түріне біртіндеп көшу қарастырылады. Санитарлық қауіпсіздік шараларының максималды деңгейін қамтамасыз ете отырып, жүйелі білім берудің бірінші кезеңі 1-4 сынып оқушыларына беріледі. Екінші кезең – 5-11 сыныптар. Бұл шешім тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментімен бірлесіп қабылдансын, – деді Жұманов.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылында 1-ден 11-ші сыныпқа дейінгі балалар қашықтан оқып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір