• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:21:23
Алматы
+12°

Бас прокуратура Қордай оқиғасының қатысушыларына қатысты шыққан үкімге түсініктеме берді. Бұл туралы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

9 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдары Алматы гарнизоны әскери сотында Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 7 адам сотталды.

Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен ұрлық жасағандары және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандары үшін әскери қызметші У. Атанбаев, сондай-ақ А. Тілеуғалиев, А. Нұраханов, Е. Буралкинов, Р. Бежібай, М. Дүйсенбаев және Б. Ибрагимов 3-тен 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді.

Бұрын тергеу барысында У. Атанбаевқа және оның сыбайластарына қатысты материалдар істің әскери соттың соттылығына жатқызылуына байланысты жеке іс жүргізуге бөлектеніп алынған болатын.

Сонымен қатар 21 шілдеде арнайы прокурорлар 51 адамды тергеуді аяқтады.

Оларға биылғы жылдың ақпан айында Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында болған оқиғалар барысында күш қолдану, кісі өлтіру, мүлікті өртеу және қирату, жаппай тәртіпсіздіктерге арандату және билік өкілдерінің талаптарына бағынбау бойынша айып тағылды.

Қазіргі уақытта айыпталушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуда, содан кейін іс сотқа жолданатын болады.

"Сондай-ақ биылғы жылдың наурыз бен тамыз айлары аралығында полицейлерге зорлық-зомбылық көрсеткен ағайынды Воингуйдің (18 наурызда 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды) Құдашбаевтарға қатысты адамдар тобына денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргендері және бұзақылық жасағандары үшін әкелі-балалы Юнхудың (24 сәуірде әрқайсысы сәйкесінше 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды және шектелді) 54 дана «Молотов» коктейлін дайындағаны және тасымалдағаны үшін Р. Вейсердің (12 тамызда 3 жылға бас бостандығынан айырылды) сотталғандарын еске саламыз" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.

Биылғы жылдың 7 ақпанында Қордай ауданындағы Масанчи ауылында қазақ пен дүнгендер арасында төбелес болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір