21 Қыркүйек, 2020 Әлеумет
Фото: ашық дереккөз
Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы Айзат Молдақасымова сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты қызметінен босатылды.
"2020 жылдың 3 маусымында Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының директоры қызметіне тағайындалған еді. 1 шілдеден қыркүйектің ортасына дейін Айзат Молдақасымова үш айға жуық еңбекке уақытша жарамсыз болып саналды. Осы жылдың 14 қыркүйегінде Еңбек кодексіне сәйкес сынақ мерзімі кезінде жұмыстың теріс нәтижесіне байланысты онымен еңбек шарты бұзылды. Ол сынақ мерзімінен өтпеді. Осыған байланысты ол 14 қыркүйектегі бұйрықпен жұмыстан шығарылды", делінген денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпараттық хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір