• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:04:55
Алматы
+12°

Алматы облысы Алакөл аудандық орталық ауруханасына "Шұғыла" қайырымдылық қоры коронавирусты емдеуге өте қажетті кислородты концентрат құралын табыстады.

Дүниежүзіне дүрбелең салған пандемия ең алдымен жұртқа денсаулықтың қадірін және адамзаттық ең асыл қасиет «қайырымдылық пен мейірімділікті» қайта есіне түсіргендей. Себебі коронавирус індеті тарала бастаған мезеттен бері барлық ел азаматтары бір-бірлеріне көмек қолдарын созып, қиындыққа қарсы бір адамай жұмылуды үйренген сыңайлы.

Бұндай игілікті істер Алакөл ауданында да өз жалғасын табуда. Күні бүгін дертпен күресте алдыңғы шепте жүріп, барлық ауыртпалықты өз мойындарына алып отырған ақ желеңді абзал жандар мен сырқаттың самалын сезініп отырған халыққа септесу мақсатында үлкен көмек көрсетілді.

Атай кетсек, «Шұғыла» қорының атынан Алакөл ауданының атпал азаматтарының бірі Рыскелді Айманбетов орталық ауруханаға 5 дана кислородты концентратор аппаратын табыстап, ауруға шалдыққандарға көмегін көрсетсін деген тілегін білдірді.

 «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің». Атымтай азаматтардың бұл ісі көпке үлгі. Ең кереметі жомарт жандардың Текелідегі ізгі іс, игілікті шаралар мұнымен тоқтап қалмайтындығын, әрі қарай да жалғасын табатындығын айтуда.

Біз де өз кезегімізде «Ырыс» шаруа қожалығы басшысының ырысты ісіне ризашылық бідіріп, жасанды тыныс алу құралдары талай сырқаттың аяқтан тік тұрып кетуіне септігін тигізе берсін дейміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір