• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:46:09
Алматы
+12°

Фото: Алматы облысы ақпарат орталығы

Алматы облысы Алакөл аудандық орталық ауруханасына "Шұғыла" қайырымдылық қоры коронавирусты емдеуге өте қажетті кислородты концентрат құралын табыстады.

«Қайырымдылық – қайырлы іс» деген қазақтың аталы сөзінің астарында үлкен мағына жатыр. Себебі жүрегі ұлан-ғайыр даласындай кең ұлтымыздың бұл ізгі мінезіне тамсанбайтындар кемде-кем.

Қазіргі пандемияның ауыр салмағына да қарамастан еліміздің талай азаматтары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, халықтың қамына қарай адымдауға тырысып жатыр. Солардың қатарында «Шұғыла» қайырымдылық қоры да бар. Шыны керек, қазіргі мезетте ешкімге де оңай соғып отырған оқ. Алайда барлық қиыншылықтарға тойтарыс беруде елінің жанынан табылуға ұмтылған қордың сауапты істеріне жұр дән риза.

Жуырда ғана аудандық орталық ауруханаға аталған қордың атынан коронавирусты емдеуге өте қажетті кислородты концентрат құралы табысталған болатын. Бұл қаншама адамның өміріне деген үміт оты деп білеміз.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындардың табыс көзінің қысқарғаны рас. Осы орайда аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына түскен салмақты жеңілдетуге қала кәсіпкерлері де қомақты үлес қосып келеді. «Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас» дегендей, жұртқа жасаған жақсылығын жариялаумауды жөн санайтын абзал азаматтар қаншама көмек жасады. Халық қажеттілігіне орай бұл ізгілікті шара әлі де ұйымдастырылып келеді. Орталық аурухана ұжымының ақ халаттылары «Шұғыла» қорының бұл шуақты ісіне алғыстарын білдіріп, қиын да жауапты істе қолғабыс еткендері үшін рахметтерін жеткізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір