• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:17:35
Алматы
+12°

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқыту кезінде бірқатар проблемалар туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады. 

– Оқу жылы басталмас бұрын үлкен дайындық жұмыстары атқарылды. Бүгінгі күні барлық мектеп оқушылары оқу процесіне кірісті. 77 пайызға жуық оқушылар бүгінгі күні қашықтан оқытылып жатыр. Штаттық режимде оқытылып жатқан мектептердің саны 3 000-ға жуық. Ол жалпы қазақстандық 7 000 мектептің 43 пайызын құрайды. Сонымен бірге барлық мектептерде 1-4-сыныптары және мектеп алды сыныптарында кезекші сыныптар жұмыстарын бастады. Оларда 547 мыңнан аса оқушылар оқытылып жатыр. Бір айта кететін мәселе осы жердегі 60 пайызға жуық оқушылар – 1-сынып оқушылары. Сондықтан бүгінгі күні таратылып жатқан кейбір ақпараттар оқу жылы басталуына байланысты ұйымдаспаған түрде басталғандығы жөніндегі ақпараттар шындыққа ұласпайды.

Бүгінгі күні 500 мыңнан астам мұғалімдер барлық білім мекемелерінде жұмыс атқарып жатыр. Барлық мұғалімдердің жасап жатқан еңбектерін жоққа шығаруға ешбір болмайды. Министрлік бұған дейінгі уақытта да мұғалімдерге алғысын айтып келді. Қазіргі қиын жағдайда оқу процесін штатты бастап жатқан әртүрлі форматта жұмыс істеп жатқан мұғалімдерге тағы бір министрліктің тарапынан үлкен рақметімізді айтамыз. 

Жалпы бүгінгі күні ақпаратқа тоқтайтын болсақ, оқу жылының тоғыз күні өтіп жатыр. Соның ішінде бір күннің ішінде 2 млн-нан аса сабақтардың берілгендігін көріп отырмыз. Әрине, қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша да, штаттық ұйымда жұмысты орналастыру бойынша да бірқатар жұмыстар жасалды. Санитарлық талаптарды сақтауға байланысты және қашықтан ұйымдастыруға байланысты барлық оқушыларды қажетін талап ететін оқушыларды компьютерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді деп ақпараттандырған болатынбыз. Бүгінгі күні 435 мың оқушыға компьютерлер таратылып берілді. Бұл – қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін жасалған іс-шаралар, – деді ол.

Вице-министр Zoom платформасы арқылы болған проблемалар туралы атап өтті.

– Әрине, қашықтан оқыту кезінде проблемалардың бар екендігін білеміз. Білім және ғылым министрлігі бұл бойынша күнделікті білім мекемелерімен, білім басқармаларымен жұмыс істеп отырмыз. Оның ішінде әлеуметтік желілерде мұғалімдердің, ата-аналардың көтеріп отырған мәселелерін, депутаттардың мәселелерін біз де байқап көріп отырмыз. Олардың әрқайсысына да жеке түрде жауап беріп, жеке түрде қарастырылып, барлық мәселелерді шешу сұрақтарымен айналысып жатырмыз. Жылда оқу жылының басталуы оқу процесін бастауда ұйымдастырушылық кезеңдерден басталады. Ол тарификация жасау, оқу жылының басталуы, оқу жоспарын құру, сабақ кестесін құру сияқты мәселелер – биыл оқу жылына тән процестер. Бүгінгі күні осы жұмыстардың барлығы аяқталып келе жатыр.

Осы ақпараттық желілерде тараған кейбір ақпаратта кей сабақтың сәтті өтпегені туралы да хабарды біз естідік. Осы бойынша да бірнеше талдау жұмыстары жүргізілді. 2 млн өткізілген сабақтың ішінде бір екі сабақтың сәтсіз өткізілгені, Zoom желісінде өткізілген сабаққа бөгде адамдардың араласып, осы сабақта келеңсіз оқиғаларға жеткізгенін біз де көрдік. Бұл бойынша барлық мұғалімдерге, мектептерге түсіндірме жұмыстары жүрігізіліп жатыр. Барлық 347 мыңнан аса мұғалімдерге дайындық курстары өткізілді. Ең бастысы, қашықтан форматын ескер отырып, оларды IT компетенцияларға үйрету болатын. Бірақ бүгінгі күні осындай келеңсіз жағдайлар болды. Тағы да түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, келеңсіз жағдайлардың болмауын қарайтын боламыз. 

Сонымен қатар ата-аналар да осы бойынша балаларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тағы да сұрап отырмыз. Өйткені Zoom конференциясы да, басқа да байланыстың түрлерін интернет платформаларының әрқайсысы да бүгінгі күні ақпарттық жүйеде қауіпті болуы мүмкін. Осы жағдайда әр білім процесіне қатысушының өзінің жауапкершілігі болуы керек. Мысалы Zoom платформасына кіргізіліп жұмыс істеп жатқан кезде оқушының бірінші сұранып кіруін, өзінің фамилиясын дұрыс атап, кіргеннен кейін қажетті "есігін" жауып, ақпаратты сыртқа шығармау не болмаса бөгде араласпау үшін осындай қауіпсіздік шараларды жасау үшін әлі де мұғалімдерді шақырамыз, деді вице-министр. 

Сондай-ақ вице-министр бас санитар дәрігердің шешімімен ғана мектептер ашылатынын айтты.

– Қашықтан оқытудың өзі бүгінгі күні санитарлық-эпидомологиялық жағдайға байланысты екенін тағы бір атап өткім келеді. Бұл әрнеде санитарлық-эпидомологиялық жағдай ескеріліп, жақсарғаннан сайын бас санитарлық дәрігердің шешімі бойынша мектептерді штаттық режиге жұмыс істеуге қайтару бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл бойынша министрліктің бірнеше ұсынымы бар. Бұл ұстанымдарымызды министрлікке ұсынды. Осыны шешу бойынша жұмыстарымызды жалғастырып жатырмыз, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір