• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:51:41
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ол президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру барысы туралы айтты.

Тоқаев жолдауда белгіленген әлеуметтік шараларды орындаудың және пандемия жағдайында шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Баталов тұрғындарды, әсіресе әлеуметтік аз қамтылғандар санатындағы  азаматтарды "5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары аясында баспанамен қамту жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар кездесуде ауыл шаруашылығы саласын дамыту  және инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі ішкі туризмді одан ары дамыту, пандемия жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру шаралары туралы атап айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың белгіленген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз етуді тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір