14 Тамыз, 2020 NEWS
almaty_akimat
Алматының жедел жәрдем қызметі күз-қыс маусымына дайын. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.
Қала әкімшілігі күз-қыс кезеңінде эпидемиологиялық жағдайдың кері дамуына қаланы жан-жақты дайындау жүргізілуде. Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы басшысының айтуынша, жедел жәрдем қызметі шақыртуларды қабылдауға толығымен дайын.
«Жедел медициналық жәрдем қызметінде 3000-нан астам жұмыс істейді, бұл 180 бригада болып саналады. Оның ішінде 365 дәрігер, 1388 фельдшер бар. Осы тұрғыда жедел жәрдем қызметі күзгі және қысқы кезеңге дайын екенін атап өткен жөн. Вирус өршіген шақта қызмет көрсету тәулігіне 500-ге дейін пациентті қабылдауы мүмкін деген болжам бар. Қосымша 55 жедел жәрдем көлігі келіп түседі деп күтілуде», — деп мәлімдеді Камалжан Надыров.
Сонымен бірге, жедел жәрдем жұмысында сұраныстың азайғаны байқалады. Өтініштер мен шақыртулар саны соңғы айда 2200-ден 1400-ге дейін 1-3 санат бойынша және 280-нен 170-ке дейін 4 жеделдік санаты бойынша азайды. Бұған дейін, ауру өршіген шақта жәдел жәрдем тәулігіне 8000-ға дейін өтініш қабылдаса, әрбір екінші қоңыраудан соң бригада науқастың үйіне барады.
«Шілде айының басында барлық өтініштердің 50 пайызы коронавирусқа күдікті науқастар болды. Бүгінде шақыртулар қатарында ЖРВИ, пневмония және коронавирусқа байланысты өтініштер санының азайғанын байқауға болады. Бұл барлық қоңыраулар санының 10 пайызынан аспайды», — деп толықтырды К. Надыров.
Сонымен бірге, брифинг барысында үйдегі медициналық бақылауда 906 адам бар екені белгілі болды. Оның ішінде 498 адамда ауру белгілері болмаса, 408 науқаста симптомды, негізінен жеңіл формадағы науқастар.
«Соңғы айда осы категориядағы пациенттер саны шамамен 3есе азайды. Ауру өршіген кезде 2450-ден астам адам үйде ем алды. АМСК деңгейінде де КВИ-ға шағымданушылар мен емханаға пневмониямен келушілер саны 36 пайызға азайды. Шілденің ортасында қаланың емханаларында 1300-ден атам пациент келсе, бүгінде емханаларға КВИ күдікпен тәулігіне 450 адам келеді», — деп қорытындылады К.Надыров.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір