03 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: egemen.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен "оралман" термині "қандас" болып өзгертілді.
"Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді" делінген бұйрықта.
Бұйрық 2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "оралман" сөзінен бас тартып, "қандас" деп айтуды ұсынған.
– Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартып, "қандас" дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады, – деді Тоқаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір