• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 14:47:08
Алматы
+35°

NASA фотоларында үлкен белгісіз нысан пайда болды, кейбіреулер бұл белгісіз ұшпалы нысандардың белсенділігінің дәлелі деп санайды. Болжам бойынша беймәлім нысан NASA-ның Күн және Гелиосфералық обсерваториясында (SOHO) көрінген.

Көрнекті шетелдік НЛО зерттеушісі Скотт Уоринг бұл нысанды байқап, жат планеталықтар бізге өздерін көрсетпеуге тырысып жатқанын айтқан.

Уоринг "Мен бүгін Күннің маңынан үлкен НЛО таптым. НЛО үлкендігі Айдың жартысындай. Мен егжей-тегжейлі мәліметтерді шығару үшін қараңғы элементтерді қосқанда нысанның бөлшектері айқын көріне бастады" деп мәлімдеген.

–Екі жағында екі қанаты бар. Сондай-ақ, нысан алдыңғы аймаққа бағытталған және кеменің артқы бөлігі кең әрі тегіс. Нысанның айналасында бұлыңғырлық бар, мен оны кемені қорғайтын күш өрісі деп санаймын. Мен нысанның қалқан аймағының жоғары сапалы контурын табамын деп күткен жоқ едім...менің ойымша, бұның метеорит немесе комета екеніне сену үшін барлық астрономдарды "НЛО емес" деп сендіруге мәжбүр ету керек,–дейді белгісіз нысандарды зерттеуші.

Уоринг өзге ғаламшарлықтар бар деп санайды және "егер NASA мойындағысы келсе, адамзат мұндай таңқаларлық жаңалықтармен күресуге күші жетеді" деп сенеді.


–COVID-19 таралғанда барлық елдер күтпеген коронавирусқа бейімделіп көп нәрсе жасады, өйткені қоғам бір кездері мұндай пандемия "мүмкін емес" деп сенген болатын, алайда адамзат баласы өзінің көзқарасын тез өзгертті...Интеллектуалды келімсектерді ашу осылай болар еді, бірақ олар адамдарды өлтірмейді немесе шошытпайды,-дейді Уоринг.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НЛО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір