Фотоколлаж
Қазақстандық продюсер, театр және кино актері Алмат Сақатов "Уақыт көрсетеді" Youtube арнасына сұқбат берді.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай актердан жақында қайтыс болған Нұрлан Ахметовпен қандай жақындығы бар екенін сұрады. Алмат Сақатов:
– Алла Тағала адамға жолдасты көп береді. Менің 7-8 ғана маңдайға бітер досым бар. Соның бірі осы Нұрекең болған. Оның мінез-құлқы, адамға көзқарасы, әсіресе мына қазақ деген кезде патриотизмі ерекше еді. Ол маған өте жақын достың бірі болатын. Өмірден өтті, мен оның өмірін басқа ұлттың баласы өлтірді деп тура айта алмаймын. Өйткені ол дәлелденген нәрсе емес. Бірақ оған бес рет қастандық жасалды. Түсінемін мәшінемен қағып кетсе, байқаусызда өліп кетсе. Бұл жерде күдіктенетін нәрсе көп. Оны автоматпен атты, гранатамен жарды. Демек, оны өлтіру керек болған.
Алмат Сақатов Нұрлан Ахметовтың өліміне кінәлі болуы мүмкін оқиға туралы да айтты.
– 2007 жылы Нұрландар қатысқан қазақ-шешен қақтығысы болған еді. Ол белгілі нәрсе. Содан кейін Нұрланның өміріне қауіп төндіру басталған. Бір емес төрт рет болды. Басқа кім деп ойлаймыз. Мен өзім сол ұлт(шешен - ред.) деп ойлаймын. Рамзан Кадыров келсін демеймін. Оның осы жақта диаспорасы бар, солар келсін. Қазақты орыс немесе ұйғыр ұрса онда тек бір адам жауап береді. Керісінше, қазақтың баласы ұйғыр, шешен, орысты ұрса бүкіл қазақ жаман, бүкіл қазақ жауап береді. Қазақстан негізі түрменің отаны. КарЛАГ, АЛЖИР басқасын айтпай-ақ қояйын. Бірақ ашаршылық кезінде басқа ұлт келгенде нанымызды бөліп бердік. Басқа ұлт айтып отырады "біз келгенде көмектескен" деп. Жүз бірдеңе ұлт бар болса, солар күніне жүз рет шаңыраққа қарау керек. Олар қай жерден нәпақа тауып отырғанын біліп, 0,5 пайыз болса да рақметі болу керек. Нұрлан шешеннің баласын өлтірген жоқ, бірақ қақтығысқа қатысты, түрмеге отырып шықты,- деді актер.
Сұқбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір