• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:13:27
Алматы
+12°

Қазақстан ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов қайтыс болды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты жариялады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы, Әскери және Ардагерлер кеңесі ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады" делінген хабарламада.

Мұхаметқали Құсайынұлы 1961 жылы 29 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1978-1982 жылы КСРО ІІМ Новосібірдегі жоғары әскери училищесін, 2013 жылы Көкшетау қаласындағы А.Мырзахметов атындағы университетте мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша білім алған.

1999-2001 жылдары ІІМ ішкі әскерлер қолбасшылығы бас басқармасының әскери кеңес хатшысы, 2005 жылдан 2013 жылдың мамырына дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің комитеті – ішкі әскерлер бас қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы, 2013 жылдың 25 мамыры мен 2014 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, 2014 жылдың 20 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы ұлттық ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы президентінің 2016 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен "генерал-майор" шенін алған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір