• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:12:59
Алматы
+12°

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахаттың жерлеу рәсімі өтетін күн белгілі болды. Бұл туралы Kaztag агенттігі хабарлады.

Агенттік өзінің дереккөздеріне сүйене отырып, Айсұлтан Рахаттың жерлеу рәсімі 17 тамыз күні өтетінін жазды.

Айсұлтан Рахат – Қазақстан сенатының экс-спикері Дариға Назарбаеваның екінші ұлы. 

♦ "Мені өлтіруге тырысуы мүмкін". Айсұлтан өмірі үшін қауіптенген

Кеше 16 тамызға қараған түні оның Лондон қаласында қайтыс болғаны хабарланған.

Ол соңғы уақытта Facebook-те белсенді болып, өзі және отбасы туралы, Қазақстан билігіндегілер, құдай жайлы жиі жазған. 17 шілдеде жарияланған соңғы жазбасын "KAZ Minerals", "Қазақмыс Холдингтің" директоры Владимир Кимге арнаған.

А.Рахаттың қайтыс болғаны жайлы ақпараттан бірнеше сағат өткен соң, Нұрсұлтан Назарбаев қорының Facebook парақшасында Дариға Назарбаева ұлының дүниеден озуына қатысты пікірін білдірді.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір