17 Тамыз, 2020 Барлық аймақтар
Фото: kaztag.kz
16 тамызда сенаттың экс-төрағасы Дариға Назарбаеваның екінші ұлы Айсұлтан Рахаттың Лондонда қайтыс болғаны хабарланды.
Ақпарат шыққаннан кейін бірнеше сағат өткенде Дариға Назарбаева қаралы хабарды растап, баласының қазасы туралы пікір білдірді.
Өлімге нақты ненің себеп болғаны, Айсұлтан Рахаттың Лонданда не істеп жүргені әзірге белгісіз. Тек жүрек талмасы ұстаған болуы мүмкін екені ғана хабарланды.
Қазақстан экс-президенті жиенінің қатысуымен соңғы жылдары бірнеше шулы оқиға болған.
2019 жылы 18 қазанда Лондон соты оны полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті, офицерге жабуыл жасады деген айыппен бір жылға шартты мерзімге кескен. Сол кезде Айсұлтан Рахаттың есірткі пайдаланғаны хабарланды.
2020 жылдың 23-24 қаңтар күндері ол өзінің facebook-тегі парақшасында көптеген даулы жазбалар жариялады.
"2016 жылдан бері отбасым мен отбасыма жақын адамдардан қысым көріп келем" деген ол 14 ай бойы Ресей түрмеде заңсыз отырғанын, Нұрсұлтан Назарбаевтың биологиялық әкесі екенін айтып, Қазақстан билігіндегі көптеген шенділерді "халықтың жауы" деп атаған.
22 қаңтарда жариялаған жазбасында өзін әлдекімдердің өлтіруге тырысуы мүмкін екенін мәлім етті.
"Жақын уақытта мені өлтіруге тырысуы, болмаса жынды етіп көрсеткісі келуі немесе әкемді асқандай камерада асып кетуі мүмкін" деп жазған болатын Айсұлтан Рахат 22 қаңтарда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір