• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:51:30
Алматы
+12°

"Асыл арна" телеарнасының бас директоры, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі парақшасында Айсұлтан Рахатпен Меккеде бірге болғанын жазып, жақындарына көңіл айтты.

"Оншақты жыл бұрын Айсұлтанмен бірге қасиетті Меккеде бірге болып, умра қажылығын атқарған едік. Екі-үш күннің ішінде қатты әсерленіп, жаны нұрланып, көп жақсы сөздер айтқан еді.
Әсіресе, қайтар жолда, елге жеткенше ұшақ ішіндегі үш-төрт сағаттық әңгіме әлі есімде.

"Аға, қазіргі жастарды білмейсіз ғой, қатты өзгеріп кетті. Рухани құндылық дегендер аяқ асты болып, жастар тек қана бір күндік рахатын ғана ойлайды. Олар әртүрлі ойындардың қызығына кіргені сондай, дәретхананың ішіне сусыны мен тамағын ала кіріп, қажеттілік өтейтін жердің қаяуында сағаттап отырады" дегенін естіп, жүрегім ауырған еді.
"Болды, елге жеткесін өзім де бүтіндей өзгерем, достарымды да имандылыққа, ізгілікке тартам" деп, шабыттанып, ерекше есейіп оралған еді...

Өкінішті...

Тәубеге бүтіндей келетін, Алланың сүйікті құлы атанып, "толық адам" бейнесінде өзіне де, отбасы, ортасына да жақсылығын жаятын жасында жаман ортаның кесапатынан арқанын үзе алмай, қыршынынан қиылды.

Ұлы сапарда бірге болған бауырымыз еді, ақыретін Ұлы Раббымыздың әділдігіне тапсырамыз.

Жоқтаушылары мен жанашырларына көркем сабыр берсін!" делінген жазбада.

Бүгін Қазақстан экс-президентінің жиені Айсұлтан Рахаттың қайтыс болғаны хабарланды.

Тағы оқыңыз!
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір