• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:48:52
Алматы
+12°

Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев қаржы министрінің бұйрығымен Қазақстанның қаржы министрлігінің қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.  

Әнуар Жұмаділдаев 22 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындаған. 2008 жылдан Қазақстанның қаржы министрлігінің салық комитетінің Алкоголь, темекі және акциздеуге жататын басқа да өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы болып еңбек етті.

2009 жылы Қазақстанның қаржы министрлігі салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылы Қазақстанның қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы лауазымына ауыстырылды.

Әр жылдары қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетін және Қаржылық бақылау комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 

2019-2020 жылдары қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір