• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:57:53
Алматы
+12°

Биыл «Nur Otan» партиясы партияішілік праймериз өткізеді. Яғни, елордамен бірге әрбір өңірде партияның жаңа көшбасшылары іріктеліп, олар Мәжіліс пен мәслихаттардағы депутаттық корпусты жасақтауға атсалыспақ.

Праймериз – АҚШ тәжірибесі деп айтылғанымен, қазақ қоғамы үшін бұл жат дәстүр емес дейді саясаттанушы Қазбек Майгелдинов. Яғни, Қазақ хандығы тұсында би-шешендер тура осындай жолмен іріктелген.

– Біздің салтымызда бұл дәстүр бар, біз тек оны жаңартып, жандандыруымыз керек. Ертеректе билер би болу үшін ел аралап, халықтың мұңын тыңдаған, дау-дамайды сол жерде шешуге тырысқан. Осылайша мықтылары іріктеліп, билікке келген. Бізге де қазір сол қажет, – деді саясаттанушы «Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасы өткізген Zoom-конференция барысында.

Оның айтуынша, праймериздің негізгі шарттарының бірі – дебат. Дебатта өз ойын анық жеткізіп, көрсетілген проблеманы шешудің ең тиімді жолын ұсынған үміткер ғана партия атынан депутат болуыға лайықты.

– Бұрын телеарналар жастар арасында дебат ұйымдастырып, талай көшбасшыны тәрбиелеп шығарды. Қазір өкінішке қарай, бұл үрдіс үзіліп қалды. Праймериз оны жандандырады деп үміттенемін, саяси науқан біткеннен кейін де республикалық телеарналар мықты жастарды іріктеп, тәрбиелеумен айналысуы керек, – деді Майгелдинов онлайн-конференцияда.

Zoom-конференцияға «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, саясаттанушылар Айдос Сарым мен Қазбек Майгелдинов, журналистер Бағдат Қожахметов, Айдос Жұқанұлы, Рахат Жақсыбай, блогерлер Яков Федоров, Бибігүл Дәулетбекқызы, Самат Нұртаза қатысты.

Конференция барысында Қазбек Майгелдинов Үкімет тарапынан жұмыссыздықты жоюдың тетіктері ұсынылмай отырғанына алаңдайтынын білдірді.

Көктемде болған екі айлық карантин мен қазіргі шектеу шаралары шағын және орта бизнес өкілдеріне ауыр соққы болды деп есептейді сарапшы.

– Қанша айтқанмен, екі апталық карантин, оған дейінгі төтенше жағдай жеке кәсіпкелерді былай қойғанда, кейбір мемқызметшілерді, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды күнделікті табысынан айырыды. 42500 теңге әлеуметтік көмек берілгенімен, жұмыссыздықты жоятын нақты тетіктер айтылмай отыр. Бұл ретте бізге көршілес Өзбекстанның тәжірибесін алуға болады. Яғни, әрбір облыс, әрбір аудан, әрбір тұрғылықты жердің климаты мен мәдениетіне байланысты қолөнер мен ауыл шаруашылығын дамытуға болады. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан. Яғни, кіші заттар экономикасын қалыптастыру керек. Осы аймақтардың өзіне тән шаруашылықтар бойынша кішігірім цехтар ашып, Қазақстанның жалпы ішкі өндірісін, өнімін дамыту керек, – дейді Қазбек Майгелдинов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір