• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:02:00
Алматы
+12°

Қазақстанның Ресейдегі экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысына 26 450 000 теңгеге дәрі алдырған. Бұл туралы "ШАПАҒАТ" қоғамдық қоры өз Instagram парақшасында жазды. 

"Елімізге белгілі шенеунік, Атырау өлкесінің тумасы, Атырау облысының экс-әкімі Иманғали Тасмағамбетов ағамыз қиын-қыстау кезеңде облыс халқына қол ұшын созып, 26 450 000 теңгеге Астрахань қаласынан қазіргі таңда өте қажетті дәрі-дәрмектерді алдыртты.

Біраз күн бұрын Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысхан халыққа дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы қалталы азаматтарға Үндеу жариялаған болатын.

Ресейден əкелінген бүгінгі күннің ең қажетті дəрілерін мешіт басшылығы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының рұқсат қағазы (рецепт) арқылы тарататын болады. Себебі дəріні, антибиотиктерді өз бетімен қабылдау адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Дəрі-дəрмек мешіттен берілмейді.

@iman_zhastary еріктілері арнайы бөлінген 10 көлікпен дәрі-дәрмекпен үйлерге жеткізіп береді. Иманғали ағамыз алдағы күндерде Атырауды халқына миллион теңгеге ИВЛ аппаратын алып бермек.

"Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан шығады" демекші осындай сын сағатында демеу білдірген ел ағаларына алғыс білдіреміз" делінген жазбада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір