• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:58:00
Алматы
+12°

700 мың қазақстандыққа 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Төтенше жағдай кезеңінде төлем алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандық 42 500 теңге көлеміндегі төлемді проактив тағайындау үшін SMS-хабарлама алды" делінген ведомствоның хабарламасында.

Кеше еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға, олардың қызметі осы жылдың шілде айында шектеулерге ұшырауы әбден мүмкін екенін, сондықтан төлемді проактивті тағайындау үшін кірісті жоғалту фактісін растау үшін SMS-хабарлама жіберілетінін айтты.

– Өткенде 42500 теңгені сәтті алған тұрғындарды сараптай келіп, жағдайы өзгермеді-ау деп болжаған кісілерге сұрау жіберіп жатырмыз. Сіз өткенде 42500 теңге алдыңыз, бұл жолы да табысыңыздан айырылдыңыз ба деген СМС жібердік. Иә деген жауап келсе, сол тұрғынға еш өтінішсіз төлем тағайындау шарасын жасаймыз. Сондықтан, бүгін СМС алған кісілер табыстан айырылғаныңызды растаған болсаңыз, ертең жұма күні порталдарға өтініш берудің қажеті жоқ. Жай ғана өз мәртебеңізді тексерсеңіз, "Сіз үшін өтініш қабылданды" деп жазылып тұрады, – деген кеше министр Нұрымбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір