• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:23:22
Алматы
+12°

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында карантин режиміне қалай мониторинг жүргізіліп жатқаны айтылды. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев хабарлады.

Оның айтуынша, 6-14 шілде аралығында мониторингтік топтар карантин уақытында жұмыс істеп тұрған 16 572 нысанды тексерді. 1617 нысанның заң бұзғаны анықталып, 564 нысан кемшілігін түзеткенге дейін қызметін өз еркімен тоқтатты. Әкімшілік бұзушылық туралы 225 хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

– Сауда нысандарында, қоғамдық тамақтану орындарында ережелер жиі бұзылып жатады. Атап айтқанда адамдар маска кимейді, әлеуметтік қашықтық сақталмайды, термометрия жүргізілмейді,–деді ол.

Бұған мысал, Ақмола облысында 500 шаршы метрлік дүкен рұқсат берілмесе де жұмыс істеген. Дүкен иесіне заң бұзғаны үшін 638 940 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ Семейдегі "Әлем" сауда үйі мен "Восход" базарының иелеріне  карантин уақытында жұмыс істегені үшін айыппұл салынған. Қостанай облысындағы сауда нысандарының қызметкерлерінде маска да, қолғап та, антисептик те болмаған. Алматы мейрамханаларында 30 адам қатысқан банкет пен 100 адам шақырылған үйлену тойы өткен. Карантин режимінің ережелерін бұзған екі мекеме иесіне де айыппұл салынды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір