16 Шілде, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп қызметінен кететінін айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады.
– Бүгін менің денсаулық сақтау министрлігіндегі соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп, не өтпейді. Хош.
Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар! Артық кеткен кездерім болса - кешірім сұраймын!!!! Барлық еңбегім - тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық. Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!, – деді Ахметшәріп.
Алайда ұзамай Ахметшәріп желідегі жазбасын өшіріп тастады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір