• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:04:07
Алматы
+12°

Қазақстанда бір жылдың ішінде нанның орташа бағасы 10,5%-ға қымбаттады, деп хабарлады ranking.kz.

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 9,2%-ға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан 13,5%, қара бидайдан жасалған нан 12,6%-ға қымбаттаған.

Қазақстанның ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны Атырау (бір келісі 178 теңге) және Ақтау (бір келісі 173 теңге) тұрғындары үшін қымбатқа түсті. Мұндай нан Алматыда (келісі 132 тг) және Таразда (бір келісі 138 тг) арзан.

Соңғы айда Көкшетауда нан 5,6%-ға (169 теңгеге), Таразда бір жыл ішінде 27,8%-ға қымбаттады.

Ал қара бидай наны, әсіресе Нұр-Сұлтанда (бір келісі 315 тг), Өскеменде (бір келісі 314 тг) және Семейде (бір келісі 313 тг) қымбат. Ал Ақтөбе мен Талдықорған қалаларында арзан (бір келісі 187 теңге).

Бір ай ішінде қара бидай наны Көкшетауда (+ 4,3%) және Оралда (+ 4%), бір жыл ішінде Атырауда (+ 39,1%) қымбаттады.

Жоғары сұрыпты бидай ұны Нұр-Сұлтан(бір келісі 414 теңге), Өскемен (бір келісі 376 теңге) және Семейде (бір келісі 337 теңге) тұрғындары үшін қымбатқа түсіп отыр. Ең арзан нан Қызылорда (келісі 203 тг) мен Таразда (келісі 207 тг).

Жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның құны бір айда Алматыда 4,3%, бір жылда Таразда 21,1% қымбаттады.

Қазақстанда қаңтар-мамыр айларында нан өндірісі 292,8 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға аз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НАН БАҒАСЫ ҰН БИДАЙ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір