• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:20:08
Алматы
+12°

Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың қаулысымен қызмет барысында қайтыс болған екі дәрігер мемлекеттік наградамен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Ақтөбе облысы "Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК бас дәрігері Қозбағаров Қалихан Есбосынұлына және Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі Исаев Олег Николаевичке қайтыс болғаннан кейін "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.

Қаулы мәтінінде марапат марқұмдарға "Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін" берілгені жазылған.

13 шілдеде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің толық тізімін жариялаған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір