• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:10:41
Алматы
+12°
Дүниежүзілік банк Қазақстанға 2021-2025 жылдарға арналған мал шаруашылығының тұрақты даму жобасын іске асыруға 500 миллион доллар (459,8 миллион еуро) несие беруге ниетті. Несиені үкімет атынан қаржы министрлігі алмақ.
 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі 500 млн доллар кезең-кезеңмен және мал шаруашылығын тұрақты дамыту жобасын іске асырудың нақты нәтижелеріне қол жеткізілгеннен кейін ғана берілетінін хабарлады.

"Дүниежүзілік банк жобасының негізгі мақсаты – үлкен экспорттық әлеуетке ие әрі құны жоғары экологиялық таза сиыр етін өндіруді және қазақстандық ет экспортын қолдау. Сол арқылы Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал ету және ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайын жақсарту" делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жоба аясында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізу жоспарланғанын хабарлады.

  • 20 мың фермерге несие беру;
  • 100 мың фермерге білім беру;
  • балама энергия көздерін қолдана отырып, мал шаруашылығының инфрақұрылымын дамытуға фермерлерге қаржылық қолдау;
  • сиыр етін импорттайтын елдердің талаптарына сәйкес мал шаруашылығы өнімдерін бақылау жүйесін құру;
  • жеке және тәжірибелік ветеринарларды шағын және орта фермаларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ ветеринарлық іс-шараларға тарту.

Министрлік жоба жоғарыда аталған іс-шараларды тікелей қаржыландыруды көздемейтінін, несие қаражаты Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қолдауға жұмсалатынын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір