• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Қараша, 16:49:05
Алматы
+12°

Қараша айында болатын АҚШ-тағы президенттік сайлауға дейін Facebook өзінің платформасында саяси жарнамаларға тыйым салуды қарастырып жатыр. Бұл туралы Қамшы тілшісі CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлемдік ірі интернет компаниясының ішкі пікірталастармен таныс адам бұл ақпаратты CNN Business-ке мәлім еткен. Оның сөзінше, әлеуеттік желідегі тыйым өткен жылдың күзінен бастап қаралып жатыр.

Пікірталастармен таныс тағы бір адам бұл компания қарастыратын көптеген нұсқалардың бірі ғана екенін және соңғы шешім қабылданбағанын айтқан. 

Facebook компаниясы "жалған жарнамаларды" жүргізуге рұқсат беру саясаты үшін сынға ұшыраған. Алайда Бас директор Марк Цукерберг компанияның ұстанымын табанды түрде қорғап, саяси жарнамаларға тыйым салу жақсы идея болайтынын айтқан. 

Жарнамаларға тыйым салынуы туралы Bloomberg бірінші рет хабарлады. Facebook өкілі түсінік беруден бас тартқан. 

Twitter былтыр саяси жарнамаларға арналған ақшаларға тыйым салған.

– Біз саяси хабарларға қол жеткізуіміз керек, бірақ оны сатып алу керек емес деп санаймыз, – деген Twitter-дің бас директоры Джек Дорси бұл шешімді түсіндірген кезде.

Бұған дейін Goole компаниясы да саясаткерледің жарнамасын шектейтін функциясын қосқан. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Facebook саяси жарнама

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір