• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:56:47
Алматы
+12°

Ақтөбе қаласында инфекциялық аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаров пневмониядан көз жұмды. Оның соңғы бірнеше күні өзі басшылық ететін емханада сырқатпен күресумен өткен. Бұл туралы Диапазон газеті хабарлады.

– Ол пневмониямен ауырды. Коронавирус расталған жоқ. Қалихан Есбосынов 10 шілде күні түс қайта бізді тастап кете барды. Біз сене алар емеспіз. Күллі аурухана оның тілеуін тіледі. Соңғы екі күнде оның беті бері қарағанға қуанып қалып едік. Бүгін қымыз ішкісі келетінін айтқанда ол жазылып кетеді деп ойладық. Алайда сағат 16 шамасында оның демі үзілді. Қалихан Қозбағаров тірі болғанда қазанда 60 жасқа толар еді. Ол тамаша дәрігер, басшы, адам болатын. Жқмысын шынайы беріліп істейтін. Бөлім-бөлімді аралап, коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандарды күніне екі мәрте қарап қайтатын. Әр адам үшін жаны ауыратын. Алайда дәрігер өзін құтқара алмады, – деп еске алды марқұмды әріптестері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір