10 Шілде, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Ақтөбе облысында медбике мен төрт дәрігер пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин брифинг барысында айтты.
– Ақтөбе облысы бойынша, өкінішке қарай, бізде бір медбике мен әртүрлі деңгейдегі төрт медицина қызметкері қайтыс болды. Пневмониядан көз жұмды, – деді Оразалин брифингте.
Облыс әкімінің айтуынша, қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақы кейінірек төленеді. Өтемақы мәселесі комиссия қорытындысы шыққаннан кейін шешіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір