10 Шілде, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Ұлттық кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов президенттің кеңейтілген отырысында айтқан дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты шешімдері туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Мұрат Әбеновтің пікірінше, бұл іске құзырлы органдар араласу қажет.
– Дәрі-дәрмек тапшылығына кінәлі қор басшыларын жұмыстан шығару аздық етеді. Қаншама адам қайтыс болды. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Комитеті мен Бас Прокуратурасы бұл істі қарау керек,-деп жазды қоғам белсендісі.
Оның айтуынша, қазақстандықтар үшін дәрі-дәрмек мәселесімен Президенттің өзі тікелей айналысып жатқаны өте маңызды.
– Біріншіден, денсаулық сақтау саласы дәрі-дәрмек тапшылығын қолдан жасау арқылы үлкен трагедияларға жол берді. Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала дәрі-дәрмек тізімін қарастырудың орнына «СҚ Фармацияға» тапсырып қойды. Елдегі дәрі-дәрмекті сатып алу тек бір ғана ұйым арқылы жүргізілді. Нәтижесінде дәріхана сөрелерінен дәрілер жоқ болды. Президент осы мәселені көтеріп, жауапты қор басшыларын жұмыстан босатып, тексеруді тапсырғаны дұрыс шешім деп ойлаймын, - деді Мұрат Әбенов
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір