04 Шілде, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың II тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға төлемдерді III тоқсанда ұзартуды көздейтін бұйрық әзірледі және қабылдады. Сонымен қатар, құжатта мүгедектік мерзімін 3 айға автоматты түрде ұзарту қарастырылған.
Жоғарыда көрсетілген шаралар азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуының алдын алуға бағытталған.
Бірінші кезекте АӘК отбасы құрамы, тұрғылықты мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректер нақтыланатын болады, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тіркелу), жылжымайтын мүлік, көлік, кірістер және басқалардың бар болуы. Егер де отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, өтініштер қолда бар деректер негізінде құрылады. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберіледі.
II тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК-ті алғаш рет тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында тексереді және нәтижесі туралы электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайтын болады.
Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттар азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұралады.
2020 жылғы II тоқсандағы жиынтық табысты есептеу кезінде тәуесліз жеке жұмыскерлердің төтенше жағдай режимімен қойылған шектеулеріне байланысты табысынан айрылған жағдайда бірыңғай жиынтық төлемді және әлеуметтік төлемді төлеуге байланысты айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшеріндегі кірісі ескерілмейді.
Бұдан басқа, азық-түлік және тұрмыстық жинақтарды сатып алуға және ТЖ кезеңінде коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындарды өтеуге бөлінген ақшалай қаражаттың мөлшері есепке алынбайды.
Мүгедектік, жалпы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, сондай-ақ жеке оңалту бағдарламасы, бұдан бұрынғы сияқты автоматты түрде ұзартылады. Бұл шара қайта куәландыру мерзімі шектеу шаралары кезеңіне келген азаматтарға қатысты болады.
Мүгедектікті алғаш рет белгілеген жағдайда egov.kz порталда «Электрондық өтініштер» бөлімінде құжаттардың сканерленген көшірмелерімен қоса өтінім беру қажет.
16 және 18 жасқа толған мүгедек балаларға қатысты сырттай қайта куәландыру қарастырылған. Оларға мүгедектікті қолда бар құжаттар негізінде және алдыңғы сауалнамаға сәйкес мүгедектік дәрежесін ескере отырып белгілейді.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің сараптамалық қорытындысына шағым түскен жағдайда сараптама МӘС актісі мен ұсынылған құжаттар негізінде сырттай жүргізіледі.
Айта кетейік, I тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға төтенше жағдай режимінің сол кездегі қолданылуына байланысты төлемдер тағайындау мерзімін II тоқсанға ұзартқан болатын. II тоқсанда мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, 561 мың қазақстандық АӘК-ті автоматты түрде алды.
Сол уақытта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу сырттай электрондық өтініш негізінде реттелді. Карантин енгізілген сәттен бастап 5 мыңға жуық сырттай куәландыру жүргізілді.
Осы мәселелер бойынша консультацияларды call-орталықтан 1411 нөмірі бойынша алуға болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір