• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:08:34
Алматы
+12°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдады.

Алматыда қосымша карантин шаралары 27 маусым сағат 00.00-ден бастап 29 маусым cағат 00.00-ге дейін күшіне енеді.

Қабылданған шешімге сәйкес бұл кезеңде коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары объектілердің қызметі тоқтатылады:

Атап айтқанда, ірі сауда желілері (азық түлік, азық түлік сатпайтын), үйдегі дүкендер түріндегі филиалдарын қоспағанда жабық базарлар (азық-түліктік, азық-түліктік сатпайтын, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері;

қоғамдық тамақтану нысандары (ашық ауадағы нысандарды қоспағанда), фитнес-орталықтар жабық болады.

Базарлар өз қызметін 2020 жылдың 29 маусымында қайта жалғастыра алады.

Қоғамдық көліктер де осы демалыста өз қызметін тоқтатады.

Атап өтетін жайт, жоғарыда аталған нысандарда санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі.

«Қосымша шектеу шараларына байланысты азаматтарға қала бойынша қозғалысты шектеуді ескертеміз. Қауіп тобына кіретін адамдарға, әсіресе егде адамдарға үйде қалу керек.

Эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілікке тарту қарастырылған. Полиция қызметкерлері тарапынан адамдар көп жиналатын орындарда енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патруль күшейтіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1308 нөмірі бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауына жүгіне алады» делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір