29 Маусым, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел облыста блокбекеттер қайтадан қойылады деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
– Мессенджерлерде Алматы облысында блокбекеттер қайта қойылады деген ақпарат тарап жатыр. Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы бұл сұрақты қарастырмағанын және бұл ақпарат жалған екенін мәлімдейді, – деді Ғалымұрат Жүкел.
Айта кетейік, бүгінге дейін өңірде жалпы 701 адам коронавирус жұқтырып, оның 574-і індеттен жазылып шықты. 1 науқас қайтыс болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір