• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:42:40
Алматы
+12°

22 маусым мен 6 шілде аралығында "Алматы Жастары 3.0" бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын заемдарын алуға өтініштер мен құжаттар қабылданады. Бұл туралы қалалық тұрғын-үй саясаты басқармасының сайты хабарлады.

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасынна сай құжат тапсырушылар мен олардың отбасы мүшелерінен Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы жөніндегі талап алынып тасталды.

Сонымен қатар, алдыңғы қабылдауда Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болмауына байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қарастырылады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыру қажет. Ол үшін электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) болуы міндетті.

Бағдарлама шеңберінде 13 млн теңгеге дейін қарыз беріледі. Жылдық пайыздық мөлшерлеме 5 пайызды құрайды. Бастапқы жарна үй сомасының 10 пайызын құрауға тиіс. Пәтерді жаңа үйлерден де ескі үйлерден де таңдауға болады.

Қатысушарға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Өтініш беруші құжат тапсырған сәтте 35 жастан аспауы керек;
  2. Үміткер мен оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда үй болмауы керек;
  3. Қатысушының ресми жұмыс өтілі төмендендегі санаттар бойынша Алматы қаласында кем дегенде соңғы 6 айды құрауы міндетті: (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала).
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір