22 Маусым, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook-тегі парақшасында жазды.
– Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзін-өзі оқшаулауға көшті. Өкінішке орай, коронавирусқа тапсырған соңғы ПТР тестінің нәтижелері оң нәтиже көрсетті, – деп жазды ол.
Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі уақытта Баталов оқшауланып, қашықтан жұмыс істейтін болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір