• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:48:55
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау вице-министрі уақытша денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін атқаратын болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

– Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін уақытша вице-министр Ляззат Ақтаева атқарады, – деді Ахметшәріп.

Оның айтуынша Біртанов ауруханада жұмысын қашықтан жүргізіп, штаб қызметін реттеп отыр. 

– Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырып, «пневмония» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Екі күн болды. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайын орташа деп бағалап отыр. Жалпы Елжан Амантайұлы клиникалық хаттамаға сай ем-домын қабылдауда. Ағзасы вирусқа қарсы терапияны жақсы көтеруде. Емін қабылдағаннан кейін, жазылып, өз жұмысына кіріседі деген ойдамыз, – деді Д. Ахметшәріп.

Еске сала кетейік, 14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір