12 Маусым, 2020 NEWS
qamshy.kz
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елде коронавирустың екінші толқынымен күресуге ақша бар деп айтты.
– Уақыт көрсетеді. Жалпы, резервте ақша бар. Біз жағдайдың қалай болатынын, коронавирус жағдайы мен жалпы экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін көреміз, бірақ тұтастай алғанда үкіметтің резервінде және нақтыланған бюджетте жеткілікті қаражат бар, – деді Жамаубаев.
Сондай-ақ ол коронавирустың бірінші толқынымен күресуге Т153,4 млрд бөлінгенін атап өтті.
Еске сала кетейік, елде коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмғаны хабарланған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір