• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:36:06
Алматы
+12°

АҚШ әділет департаменті Гарвард профессоры Чарльз Либерге федералды органдарға Қытайдағы Ухань технологиялық университетінде жұмыс істегені туралы  жалған мәлімдеме жасағанына байланысты ресми айыптау үкімін жариялады. Бұл туралы CNBC жазды.

Гарвард университетінің химия және химиялық биология кафедрасының бұрынғы меңгерушісі, 61 жастағы доктор Чарльз Либер қаңтарда тұтқындалып, Бостондағы федералды сотқа шақырылған. Жалған мәлімдемелер жасағаны үшін профессорға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру, үш жыл бақылауда ұстау және 250 000 доллар айыппұл салу қарастырылған.

– Гарвард университетінен жасырып, 2011 жылдан бастап Либер Қытайдың Ухань технологиялық университетінде "стратегиялық ғалым" болған деп қаралуда" делінген АҚШ әділет департаментінің сейсенбідегі мәлімдемесінде.

Ақпаратқа сәйкес Либер Гарвард университетінен бөлек жасырын түрде Ухань технология университетінде жұмыс істеген. Ухань технология университеті оған айына 50 мың доллар жалақы төлеген және оның өмір сүру шығындары үшін шамамен 158 мың доллардай қаражат беріп тұрған. Сондай-ақ университетте ғылыми-зерттеу зертханасын құрғаны үшін оған 1,5 миллион доллардан астам қаражат бөлінген. Ал америкалық профессор онда жылына кемінде тоғыз ай жұмыс істеуге міндеттелген.

Айта кетейік, кейбір ақпарат көздері Гарвард университетінің профессоры Чарльз Либердің қамауға алынуы мен жарғанат коронавирусының зертханада жасалуын байланыстырады. Алайда ол ақпаратқа Қамшы тілшісі фактчекинг жасап, оның жалған екенін анықтаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір