09 Маусым, 2020 NEWS
zhanaqorgan-tynysy.kz
Кәсіпкерлер үшін салықты жеңілдету мәселелері бойынша өткен брифинг қорытындысы бойынша Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мен Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерді қолдауда, сонымен бірге, салық саласында карантинге дейін және одан кейінгі мерзімде қолдау шаралары туралы хабарлады.
Төтенше жағдай енгізілгенге дейін 940,000 адам жұмыспен қамтылғаны, олардың арасында 600,000-ға жуығы шағын және орта бизнес кәсіпорындарда еңбектенгені айтылды. Карантин кезінде жұмыспен қамтылғандар саны 200,000-ға дейін төмендеп, бұл жағдай тиісті қолдау шараларын қабылдауға әкелді. Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, қазір жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 800,000-ға дейін қалпына келтірілді.
– Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы кәсіпорындар толықтай жұмыс істеп жатыр, жақын арадан бері ірі сауда орындары іске қосылды. Алматы әкімдігі кәсіпорындарға қатысты барлық жұмыс мәселелерін, сонымен бірге, карантин кезінде кәсіпорындардың жалдау ақысын жеңілдету мәселелерін белсенді түрде қарастыруда, – деп мәлімдеді Е. Оразалин.
Сонымен бірге, ол бүгінде барлық құралдардың қиын жағдайдағы барлық кәсіпкерлердің қызметін қолдауға бағытталғанын да айтып өтті.
Мемлекеттік кіріс департаменті 1 маусымнан бастап салықтық және кедендік тексерулер, камералық бақылау бойынша ескертулердің орындалуы, салық төлеушілерге салық қарызын өтеу туралы хабарламалар жолдамаларының, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздар (соның негізінде мәжбүрлі түрде жазаға тарту және одан кейінгі амалдар қарастырылады), сонымен бірге, аппеляциялық комиссияның қызметі мерзімдерінің жаңарғанын жайлы хабарлады.
– Салықтық есеп беру (жылдық декларациялар) формасын тапсыру мерзімі 31 наурыздан 31 мамырына ауыстырылды, – деп еске салды О. Қазива — Бұл жеңілдікті шамемен 30 пайызға жуық кәсіпкер пайдаланды».
Бүгінде өндірісте 319 салықтық және 102 кедендік тексерулер жүргізілуде.
Орынкүл Қазиева тексеру барысында тексерілуші субъекттің жұмыс режимі міндетті түрде ескерілетінін атап өтті. Осылайша, егер ұйым қызметкерлері карантинде болса немесе ұйымның қызметіне рұқсат берілмеген болса, онда ұйым жұмысын толығымен қайта бастағанға дейін тексерісті тоқтату туралы хабарландыру табысталады. Бизнеске қолдау көрсету үшін Мемлекеттік кіріс комитеті де 2020 жылдың екінші жарты жылдығына тексеріс жүргізу кестесін құрудан бас тартты, ал бұл шамамен 135 тексеру. Тексерулер жоспардан тыс тағайындалады.
Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығын, ірі сауда нысандары бойынша жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды мүлік салығынан, ауылшаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін салық мөлшерлемесін «0» түзету коэфициенті арқылы алған өндірушілерге ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге жер салығын төлеуден босату туралы шешім қабылданды.
Осындай түзету коэфициенті әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруларға кірістер мен аударымдарды жеке тәжірибесімен айналысушы, төлем жүргізетін қаржы көзінен ұсталатын жеке табыс салығының мөлшерлемесіне де бекітілді. Бұл ереже (тәртіп) микро, шағын немесе орта кәсіпкерлікпен 1 сәуірден 1 қазанына дейін жеке тәжірибемен айналысушы және 1 сәуірден 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін қызмет етеді.
1 қаңтардан бастап, сонымен бірге, әкімшілік жүктемені (салмақ, күш) төмендету және бизнес ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен микро және шағын бизнес субъектілерін үш жылға дейін тексеру мораторийі күшіне енді. Соған қарамастан, мораторий кедендік тексерулеге, қарсы салықтық тексерулерге,салық органдарындағы тіркеуге алу міндеттеріне қатысы жоқ.
Мемлекеттік кіріс департаменті сонымен бірге, салық төлеушілердің сұрақтары бойынша түсіндірмелер жүргізу үшін мемлекеттік кірістер басқармасында байланыс орталықтары құрылғанын еске салды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір