25 Мамыр, 2020 NEWS
instagram.com
Мақтаарал ауданына Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының Алматы облыстық филиалы атынан гуманитарлық көмек келіп жетті.
Керуенмен жеткен азық-түлік алдағы уақытта тасқыннан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады.
Жетісулық керуенді бастап келген Алматы облысы ұйғыр этномәдени орталығының Талдықорған қаласындағы өкілі Нурум Ивуллаев.
Керуен 7 тоннаға жуық 140 түрлі азық-түлік жиынтығын ала келген. Сондай-ақ, делегация мүшесі, ұйғыр мәдени орталығының белсендісі Фархад Сәбитов қиналған шақта отандастарды қолдау – әрбір қазақ жерін мекендеген азаматтың борышы екендігін айтты.
«Бүгін мақтааралдық ағайынға Талдықорғаннан арнайы көмек ретінде азық-түлік ала келдік. Бұл екінші рет келуіміз. Осындай шақта бірге екендігімізді көрсетіп, ынтымағымызды іспен паш етуіміз керек.
Қазір жалпы соммасы 2 млн теңгеге жуық жүк келді. Оның ішінде 250 келі күріш, 100 келі қант және өзге де қажетті азықтар бар. Елімізді апат пен зілзаладан сақтасын», – деді ол.
Керуенді күтіп алған Мақтаарал аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Сәрсекбаев Жетісу өңірінен көмегін ала келген ағайынға жергілікті халық атынан алғысын білдірді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір