• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:08:52
Алматы
+35°

04 Маусым, 2020 Оқиғалар

Қытай мектебінде күзетші қырыққа жуық адамды пышақтаған (видео)

Зардап шеккендердің көпшілігі шамамен 6 жасқа дейінгі балалар

көрнекі сурет

Қытайдың Гуанси провинциясындағы бастауыш мектеп күзетшісі 40-қа жуық адамды пышақтап, жарақаттады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі thepaper.cn-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға бүгін таңғы 9-да болған. 50 жастағы күдікті бастауыш мектепте күзетші болып істеген. Мәселемен таныс жергілікті тұрғынның айтуынша, шабуыл салдарынан 40-қа жуық оқушы мен оқытушы зардап шекті.

Олардың үшеуі, атап айтқанда, бастауыш мектептің директоры, тағы бір күзетші және оқушы ауыр жарақат алды. Мектептің кіреберісінде көп адам жиналып, жедел жәрдем көліктері келіп, балаларды ауруханаға жеткізіп жатқаны туралы бірнеше бейнеролик желіде таралып жатыр.

Жергілікті тұрғындар журналистерге зардап шеккендердің көпшілігі шамамен 6 жасқа дейінгі, мектепке дейінгі жастағы балалар екенін айтты. 


Дереккөз: ҚазАқпарат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір