02 Маусым, 2020 NEWS
khabar.kz
Аяусыз соққы жығылған Бурабайдың экс-әкімі Шыңғысхан Темірбеков қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті хабарлады.
23 мамырда әлеуметтік желіде экс-әкімнің темірмен соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Темірбековтың туыстары үндеу жасап оқиғаның "Зеленый бор" ауданында болғанын айтқан.
"Темірбековтің денсаулығына ауыр зақым келуіне байланысты биыл 23 мамырда ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда күдікті айыпты деп танылып, Бурабай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіге қатысты үй қамауына алу туралы шешім шығарды" делінген хабарламада.
Ақмола облысының полиция департаменті қайтыс болған ер адамның Бурабайдың экс-әкімі болғанын растады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір