29 Мамыр, 2020 Оқиғалар
Алматы қаласында қоймада өрт шықты
Жеке құрамнан 60 адам және 2-ші өрт сөндіру бөлімінің 30 тонналық автопойызы жұмылдырылды
![](/media/2020/05/29/crop-4_1_531x708_200529154707566a3655681i.jpg?width=600&height=480)
Алматыдағы өрт шыққан қойма
Алматы қаласы Түрксіб ауданында орналасқан макулатура қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрт Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі 96 Г мекенжайынан шыққан. Қазір онда өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жаумен күресуде.
"Алдын ала мәлімет бойынша өрт макулатура қоймасынан шыққан. Оқиға орнына 15 техника, жеке құрамнан 60 адам және 2-ші өрт сөндіру бөлімінің 30 тонналық автопойызы жұмылдырылды. Сонымен қатар қызыл жалынның жақын орналасқан нысандарға жайылып кетпеуі үшін әрекеттер жасалып жатыр. Гидранттарға автоцистерналар орнатылды",– деп хабарлады ТЖД.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір