• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:40:39
Алматы
+12°

АҚШ Миннесота штатында бейсенбі күні бейбіт митингілердің соңы өрт қою, тонау мен вандализмге ұласты. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шеруге шыққандар Джордж Флойд есімді қара нәсілді азаматтың өліміне наразылық білдірген. Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақ нәсілді полиция қызметкерлері қара нәсілді азаматты жерге жатқызып, желкесіне тізесін басып отырған фотолар мен видеолар тарап кеткен. Белгілі болған ақпараттар бойынша, полиция бақылауындағы Джордж Флойд қаза тапқан. 

Губернатор Тим Уолз тәртіп сақтауға көмектесу үшін ұлттық қорғаныс күштеріне бұйрық бергеніне қарамастан, Миннесота штатының ең ірі қаласы Миннеаполистегі тәртіпсіздіктер тоқтамаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ тәртіпсіздік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір