29 Мамыр, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Түркістан облысы полицейлері көлігін артқа жүргізіп, жол ережесін бұзған жүргізушіні жауапқа тартты, деп жазады ішкі істер министрлігінің сайты.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жол бойында көлігімен артқа қарай жүріп, жол қауіпсіздігі ережесін бұзған жүргізушінің бейнежазбасы таралған болатын.
"Аталған құқық бұзушылықты жасаған “Volswagen GOLF” маркалы көліктің жүргізушісін анықтау мақсатында Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Тексеру жұмыстары барысында жиырма жастағы жүгенсіз жүргізуші анықталып, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, 595-бап (маневр жасау қағидаларын бұзу), 606-бап (жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы), 614-бап (көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша хаттамалар толтырылды" делінген ақпараттық хабарламада.
Түркістан облысының полицейлері жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді. Жоғарыдағыдай теріс әрекет жасап, өз өмірінен бөлек, өзге де көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, жол бойында кедергі келтірудің соңы жақсылыққа апармайтынын ескертеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір