• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:39:45
Алматы
+12°

Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирустың жаппай таралуына байланысты Теміртау және Бұқар жырау әкімдеріне сөгіс жариялады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews дерегін негізге алып хабарлайды. 

Ж. Қасымбек қаладағы коронавирустың өршуіне Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов пен Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалиновтің қызмет барысындағы жіберген олқылықтары себеп болған деп есептейді. 

Ол өз сөзінде "Нұрқазған" кенішіндегі жұмысшылардың жаппай вирус жұқтыруын алдын-алуға болар еді деп атап өтті.

– Өңірлердегі әкімдер коронавирустың таралу қаупін түсінбейді. Жедел әрекет етіп, басқа мемлекеттік органдармен бірге әрекет ету деген жоқ. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар күшейтілмеген. Мұның тікелей нәтижесі, атап айтсақ, уақытылы қабылданбаған шаралар Теміртау мен Ботақара ауданында жаппай вирустың таралуы. Осыған байланысты мен қаланы қалыпқа келтіру үшін екі әкімге тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялаймын, – деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, ​​облыс басшысы көп жағдайда шектеу шараларын сақтамайтын тұрғындардың ұқыпсыздығын жеке өзі қадағалайтынын атап өтті.

– Мен күн сайын көшеде тұрғындардың бетперде кимей жүретінін, қашықтықты сақтамай жиналғандарын бақылап, көріп отырамын. Мұның адамдарға аса қауіпті екенін түсіндіру қажет, – деді Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, облыста соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың 33 жағдайы тіркелген. Жалпы вирус жұқтырғандар – 595, қайтыс болған – 3, ал емделіп шыққандар – 190.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір