25 Мамыр, 2020 Спорт
news.sportbox.ru
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Саул Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды. Бұл туралы Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Херн хабарлады деп жазады boxingscene.com сайты.
"Головкин - Шеремет жекпе-жегі тамыз айында, "Канелоның" Сондереске қарсы жекпе-жегі - қыркүйекте өтеді. Ал содан кейін кімдердің кезегі екенін тауып көріңіз? Головкин мен "Канело" желтоқсан айында рингте кездеседі. Жыл аяғында қазіргі жағдай қалыпқа келеді және жанкүйерлердің көпшілігі Лас Вегаста өтетін жекпе-жекті көре алад деп сенемін», - деді Хирн.
Естеріңізге салсақ, бұған дейінгі 2 жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтті. Біріншісі (2017 жылдың қыркүйегінде) тең есеппен аяқталса, ал екінші (2018 жылдың қыркүйегінде) Альварестің минималды жеңісімен аяқталған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір